Open login
Главная Новости Репортаж телеканала «НТК» о юбилейном концерте группы ДЕРВИШИ
Репортаж телеканала «НТК» о юбилейном концерте группы ДЕРВИШИ
23.10.2019 19:53   

«Дервишиге» 20 жыл! Әйгілі ұжым мерейтой құрметіне дүркірете кеш өткізді!

Эфир 21.10.2019

Репортаж телеканала «НТК» о юбилейном концерте гр.ДЕРВИШИ

Dim lights Embed Embed this video on your site

 

Нұрсұлтан Есжан, тілші:

- Әуезді әсем әндерімен, халықтың ықыласына бөленген «Дервиши» тобына биыл 20 жыл! Әйгілі ұжым, мерейтой құрметіне тыңдарманын жинап, жеке концертін өткізбек. Мен де, бүгінгі көңілді кештің қонағы атандым!

Концерт басталуына санаулы сәттер қалғанда, сахна сырты абыр-сабыр алаңына айналды. Тіпті, кезегін күткен кеш қонақтары, гримдеу бөлмесіне кірген бөгде адамды да көзге ілмейді.

 

 

 

Әділжан Омаров, әнші:

– «Дервиши» тобының концертіне дайындық қызу жүріп жатыр. Ағаларына қолдау көрсетуге келген Әділжан Омаровтан бірауыз сұхбат алсақ. Кеттік. Әдекең сұлулыққа сұлулық қосып жатыр. Осы бояу керек пе жігіт адамға.

- Енді сахнаға шыққанда айтады телеверсия деп. Анадай жарқырайысың деп. Сол үшін ғой, а так біз әдеміміз ғой.

- Әйтпесе красавчиксің ғой.

- Красвчикпінғой, білесің ғой.

- Ағаларды қолдап келдің бүгін. Саханада өнер көрсетесің ба?

- Мен бүгін 9-шы сыныпта оқып жүрген кезде алғашқы рет естіген әнді айтамын.

- Қандай ән?

- «Ясмин» деген.

Нұрлан Абдуллин, әнші:

- Сіз қай тілде сөйлеп жатырсыз?

- Неміс. Герман тілінде айтып жатырмын ғой.

- Ұйғыр тілінде айту керек. Ұйғырша білесіз бе?

- Ассалаумалейкум. Ұрып жатсың ба уже? Ооо, кетіп жатыр екенғой.

– Бүгінгі кештің құрметті қонағысыз ғой?

- Әрине, қонақ ретінде, аға ретінде, жаға ретінде. Мен тіпті Дильмураттың бүгінгі кешін ашамыз. «Ассалаумағалейкум» деген әнімен.

Нұрлан Абдуллин шымылдығын түрген кеште, өзге де өнер өкілдері төбе көрсетті. Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Дильназ Ахмадиева бастаған әртістермен «Дервишилықтар» дуэт орындады.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

– Дервишті басқарып жүрген Дильмуратты мен «Жас қанат» конкурсында көргем. Ол кезде ол біздің консерваторияның студенті болатын. Сонда ол өзінің ерекшелігімен, көзге түсіп конкурста лауреат болды. Шығармашылығы ерекше.

Сондай-ақ, бұл күні 20 жылдық тарихи бар «Дервишилықтар» су жаңа үнтаспасының да тұсауын кесті.

Дильмурат Бахаров, «Дервиши» тобының жетекшісі:

– Біздің жаңа альбомымыз шықты, «Это красиво» деген.

- Оныншы альбом.

- Иә. Жоқ, онныншы. А, оныншы дұрыс. Он үш деп естідім. Иә, иә.

- Альбом туралы айтып беріңізші.

- Осы 2 жылдың ішінде жазылған әндер. Ең бір альбомда жаңалық, ол біздің дуэт Майра Мұхамедқызымен бірге айтқан, Әбдірахман Асылбектің сөзіне жазылған.

- Сол әнге біз клип осы коцерттен кейін сондай бір пландар бар. Қалған әндеріміз сол «Дервиши» стилінде. Жаңалықтар болады, енді оған баға беретін халық қой.

– «Дершвиши» тобының тікелей табыс көзі не?

- ...

- Қатты ойландыңыз ғой. Ділмұрат, ауыр сұрақ болды ма?

- Біз мемлекеттік орган емеспіз. Соған сай, мен тек «Дервишимен» айналыспаймын. Әріптестерім де де солай. Әрқайсысымыздың, топтан басқа жұмыстарымыз бар.

Бұл кеште халықтың көптігінен, Республика сарайында ине шаншыр жер қалмады. Қалың тыңдарман арасынан Бағым Мұхитденова мен оның асыл жары Әділжан Юсуповты да байқап қалдық.

НТК телеканалы https://www.ntk.kz/ru/revu/2019-10-21/dervishi-9244

 

 
Интересный материал? Поделись с другими: